Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты. Ұлы ойшыл, философ, ғалымның «Музыка саласына кіріспесі» енбегінде музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдері және музыкалық аспаптардың категориялары мен әр түрлі әуендердің шығармалары қамтылған. Отандық зерттеушілер ғұлама еңбегінің түпнұсқасын қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркияға жасаған сапарында Сүлеймания кітапханасынан тапқан. Ұлы ғалымның еңбегі үш бөлімнен, 240-тан астам беттен тұрады. Ол XIII ғасырда басылып, араб тілінде жазылған.
Жансерік Бейсенқұлов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қалпына келтіру-консервация жұмыстары бөлімінің маманы:
-Бұл кітаптың жекелеген беттері арнайы италиялық дизайнерлік қағаздан басып шығарылды. Одан кейін бір блокқа біріктіріліп, тізбектеп тігу әдісі бойынша тігілді. Ал түптеу процесіне келер болсақ, оған 3 мм картон қағазы, қошқыл қызыл түсті ірі-қара мал терісінен жасалған табиғи былғары қолданылды. Түптеу кезінде кітаптың бетіне арнайы декоративтік бедерлендіру әдісі қолданылды. Бетіне ғана емес, сонымен қатар түбіртегіне де. Одан кейін кітаптың жақтаулары мұқабаның түсіне сәйкес қошқыл қызыл түске боялды.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары «Архив-2025» жобасы аясында Ресей, Татарстан және Башқұртстан Республикалары, Түркия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Мысыр және Катар мемлекеттерінде 11 ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Онда архивтер мен музейлерге, сондай-ақ, кітапханаларға барып тарихи құжаттардың көшірмелерін елге әкелді. Қазіргі таңда олар зерттеліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері түгенделіп, ашылуы мүмкін.