Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті

2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы шамамен 17,5% өсіп, 101 млрд 500 млн долларға жетті. Бұл ретте елдің жалпы сауда көлемінің төрттен бірінен астамы, яғни 26 млрд доллар көлемінде ЕАЭО елдеріне тиесілі. Бұл туралы Finprom.kz порталы хабарлады. ЕАЭО-ға мүше елдермен саудада республика экспортының үлесі 30% сәл аз. Оның 90% көбі, яғни 7 млрд долларға жуығы Ресейдің үлесінде. Экспортқа келетін болсақ, Қазақстан көршілес мемлекетке негізінен темірден және тот баспайтын болаттан, темір рудасынан, бейорганикалық химия өнімдерінен, асыл металдардың қосылыстарынан, сирек жер металдары мен қара металл сынықтарынан жасалған өнімдер жеткізді. Қазақстаннан ЕАЭО-ның өзге елдеріне экспорт көлемі келесідей бөлінді: 625 млн доллар Қырғызстанға, 97 млн доллар Беларуське, 9,5 жуық Арменияға тиесілі.

Айта кетерлігі, ЕАЭО елдерінен республикаға келген импорт көлемі де 25% сәл асқан.