Қазақстанның 5 қаласында жаңа карантиндік шаралар енгізілді

Еліміздің 5 қаласында жаңа карантиндік шектеу шаралары күшіне енді.  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында санитарлық талаптар күшейтілді.

2 тамыздан бұл аймақтарда «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Бұл ереженің тізіміне орталық және құқық қорғау органдары, әкімдіктер, денсаулық сақтау мекемелері, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен өмірлік қолдауды қамтамасыз ететін ұйымдар кірмейді. Сондай-ақ отбасылық жиындармен кез келген қоғамдық шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұған қоса ондағы мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80% қашықтан жұмыс жасау үлгісіне көшіріледі. Штаттық режимде тек вакцина алған және соңғы 3айда коронавируспен ауырып шыққан адамдар ғана істей алады. Сонымен қатар осы қалалардың әкімдіктері шекаралас аудандарда карантиндік шектеу шараларын күшейтуді қолға алулары керек.

Аталмыш аймақтарға ауруға шалдыққан науқастардың 65% және тәуліктік өлім көрсеткішінің 55% тиесілі екенін айта кеткен жөн. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов