Қазақстан іс жүзінде және заң негізінде өлім жазасы жоқ елдердің қатарына кірді. Былтыр қылмыстық кодекстен алынып тасталған бұл ұғым енді Ата заңнан жойылып отыр. Еліміздің басты құжатына енетін осы және өзге де өзгерістер мен толықтырулар барысы арнайы брифинг барысында айтылды. Бұдан былай Конституциялық кеңес Конституциялық сотқа айналады. Бұл тәжірибе әлемнің 70-ке тарта мемлекетінде сәтті жүзеге асып келеді. Сондай-ақ, Парламентті жасақтау тәртібі мен оның қызметіне қатысты бірқатар тың бастама көзделген. Бұдан басқа, енді Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау ұсынысы да қолдау тапты.
Бақыт Нұрмұханов, Арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі:
– Мен тоқталып өқткен конституциялық өзгерістер қабылданған жағдайда Мемлекет басшысы жариялаған Екінші республика идеясын іске асыруға берік құқықтық негіз қаланады. Саяси құқықтық жүйеде мемлекеттік құрылым институттарының қарым-қатынастары, өзара әрекеттесу тетіктері және халық алдындағы жауапкершілігі артады. Жалпы Мемлекет басшысының идеяларын іске асыру құқықтық жүйені Ата заңға сәйкес пәрменді дамытуға, азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдері мен елдегі заңдылық режимін нығайтуға, халықтың мемлекеттік институтарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.