Қазақстандықтар отандық әуе компанияларының рейстерін жиі пайдаланады

Қазақстандықтар отандық әуе компаниялардың қызметіне жиі жүгінетін болған. Үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айында 2 миллион 600 мың адам діттеген жеріне ұшақпен жетуді жөн көрген, деп хабарлайды Рэнкинг кз. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 3 жарым процентке көп. Бұған қоса, коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңдегімен салыстырғандағы өсім 20 процентке тең. Анықталғандай, қазақстандықтар көбінесе Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақпен жетуді қалайды. Отандық әуе компаниялардың жыл басынан бергі кірістері 120 миллиард теңгеге жуықтаған. Бұл көрсеткіштер қазақстандық әуе саласы қарқынды дамып келетінін көрсетеді. Сонымен қатар, біздің әуе тасымалдаушы компаниялар Еуропа мемлекеттеріне еш шектеусіз ұша алатынын айта кеткен жөн.