Қазақстандық теңізшілер армия халықаралық ойындарына дайындалуда

Қазақстандық теңізшілер армия халықаралық ойындарына дайындалуда

Жүзбелі минаны, теңіз және әуе нысаналарын артиллерия оғымен ату. Бұл – қазақстандық әскери теңізшілер дайындалып жатқан VIII Халықаралық армия ойындары бағдарламасының бір бөлігі ғана. «Теңіз кубогі – 2022» Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Әскери қызметшілер кеменің тіршілік үшін күресін, құтқару құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын және теңіз машығын көрсетеді. Жарыстың тәртібі гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты құрылады. Сайыс үшінші тамызда басталады. Жарыс өтетін жерге теңізшілер «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблімен келеді. «Орал» кораблі резервтегі кеме ретінде белгіленіп отыр. Қазір қатысушылар әуе және су үсті нысаналарын имитациялайтын нысаналарға оқ атып, тәжірибе жинауда.