Байқауды Жасанды интеллект көмегімен үлкен деректерді талдау бойынша Presight AI алпауыт компаниясы мен Astana Hub халықаралық технопаркі бірігіп ұйымдастырды. Айта кетейік, жарыс жасанды интеллект, үлкен деректер және машиналық оқыту саласындағы стартап-идеялар деңгейін көтеру және бизнес аясын кеңейтуге бағытталған. Жарысқа 50-ден астам өтінім түсті, соның ішінде 11 стартап финалдық баттлға өтті. Олар өз жобаларын қазылар алқасына таныстырып, кәсіби кеңестер, ұсыныстар мен әлеуетті серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды. Үш негізгі номинацияда да Alaqan, Relive және ARA стартаптары жеңімпаз атанып, сәйкесінше қаржылай марапатқа ие болды. Айта кетейік, биыл қаңтарда Astana Hub БАӘ-нің Presight.AI компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында Presight.AI Қазақстан, Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолиядан келген технопарк қатысушыларының стартап жобаларына Таяу Шығыс пен Африка нарығына шығуға көмектеседі.