Қазақстандық құтқарушылардың әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

Қазақстандық құтқарушылардың әуе паркі жаңа ұшақпен толықты

Қазақстандық құтқарушылардың әуе паркі заманауи көпфункционалды ұшақпен толықты. Апат кезінде әр секунд санаулы. Ширақ қимылдау маңызды. Л-410 борты сол алтын уақытты үнемдеп, әркет етуге көмектеседі. Әуе кемесін Төтенше жағдайлар министірлігі іздестіру-құтқару жұмыстарына, гуманитарлық жүк пен мамандарды шұғыл жеткізуге, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіруге пайдаланады. Ұшақ - аэродром талғамайды. Топырақ, ақ қар, көк мұзға да қона береді. Ұшуы үшін 500 метрлік жолақ жеткілікті. Оны тізгіндейтін қазақстандық ұшқыштар мен экипаж мүшелері Прагадағы авиациялық даярлау орталығында арнайы оқып келген. Бұл елімізге жеткізілетін осы үлгідегі 4 әмбебап ұшақтың біріншісі.

Артём Мовсесян, «Omnipol» компаниясының вице-президенті:

- Бұл уақытпен тексерілген көпфункционалды көлік. Сондықтан оның сапасы мен сенімді қызметіне ешкім шүбә келтірмейді. Қазір әлемде дәл осындай заманауи әуе кемесінің 1200-і ұшып жүр. Қазақстанның төтенше жағдайлар министірлігі ұшақтың соңғы үлгіде жабдықталғанын сатып алды. Бұл Орталық Азия елдерінен бізге түскен алғашқы тапсырыс. Яғни, өңірдің өзге мемлекеттерінде мұндай ұшақ жоқ. Бұл көпмақсатты ұшақ. Төтенше жағдай кезінде таптырмас көмекші. Кез келген тапсырманы орындауға қауқарлы. Ең бастысы ұшып-қону үшін арнайы жер талғамайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?