Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінде олар 3 елді мекеніндегі қираған үйлерді тексеріп үлгерген. Мәселен зілзала ошағы Наиброфи елді мекенінде ғана 400-ден астам учаскені жаяу жүріп өтіп, қираған 200-ден астам құрылыс нысанын тексерген. Отандық құтқарушылар ауғандық тараппен бірге үйіндіге айналған Сияхан мен Чолк елді-мекендерін тазартуға ат салысты. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің жасағы енді афтершоктардың жиілеуіне байланысты Герат қаласына аттанды. Жалпы қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Олардың ішінде балаларда бар.