Қазақстандық «Штурм» фильмі Лос-Анджелестегі халықаралық Азия кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл – Әділхан Ержановтың 12-інші картинасы. Киноның желісі ойдан шығарылған Қаратас ауылында өтеді. Мұнда бетперде киген қарақшылар ауыл мектебін басып алады. Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты полициямен хабарласу мүмкін болмайды.
Тығырықтан шығу жолын іздеген мектеп мұғалімі оқушылардың ата-аналарының басын біріктіріп, «шабуыл» тобын құруға мәжбүр болады. Айта кетейік, фильмде басты рөлдерді Азамат Нығманов, Данияр Алшынов, Берік Айтжанов, Нұрбек Мұқышев, Теоман Хос және т.б. сомдаған.
Сонымен қатар «Штурм» фильмі жыл басында Роттердам кинофестивалінің негізгі бағдарламасына қатысты. Ал, Франциядағы криминалдық кинофестивалінде ол Гран-приді, сонымен қатар киносыншылар жүлдесін жеңіп алды.