Қазақстанда үш медицина-фармацевтикалық кластері құрылады

Қазақстан 2025 жылы 500 мыңға жуық дәрі-дәрмек түрлерін ЕАЭҚ елдерімен қатар жақын және шет мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отыр. Отандық фармацевтикалық нарықты дамыту жоспары бүгін Астанада өткен халықаралық форумда талқыланды. Осылайша алдағы уақытта республикада 3 медицина-фармацевтикалық кластер құрыфлмақ. Олар Астана, Ақтөбе және Шымкентте орналасады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сонымен қатар RnD-орталықтары да ашылатынын атап айтты. Мұнда отандық ғалымдар импорттық дәрі-дәрмекті алмастыру қамында зерттеулер жүргізеді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт ТОқаев 2025 жылға қарай отандық дәрі-дәрмек өндірісі 50% дейін арттыруды тапсырған болатын.

Ерхат Есқалиев, «Ск-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

- Жаһандық ойыншылармен етене жұмыс істеп, осындай РНД орталықтарын құру өте маңызды. Өйткені оларда оның бәрі өндіріс жолына дейін бір тізбекте жүйелендірілген. Сондықтан нарықта бізді бәселестікке қабілетті ететін ондай әріптестікті мүлт жібермеу керек. Бұл орайда клиникалық зерттеулер де ұмыт қалмау керек. Бұл тауарды жеткізудің алдындағы басты мәселе. Қазір Қазақстанға осы бағытта көптеген компаниялар келеді. Негізінен ресейліктермен бірлесіп Елімізде осы бигфарм өндірісімен жұмыс жасайтын клиникалық орталық құрылды. Әрбір жоғарғы оқу орнында осы саланың мамандықтары ашылуы тиіс. Студенттер, дәрігерлер мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнату керек. Қазір университеттер, ауруханалар мен кәсіпорындардың жүйесі өзара біріктіріліп жатыр. Ол өз нәтижесін берері хақ.

Ал денсаулық сақтау саласын дамыту үшін ең озық халықаралық технологиялар мен құрал-жабдықтарды әкелу керек дейді мамандар.

Ләззат Қасенова, медициналық құралдар дистрибьюциясы компаниясының өкілі:

- Оңтүстіккореялық мамандар Қазақстанға өздері жылдар бойы жасап шығарған ең үздік технологияларын береді және олардың бізге жетуін толық бақылауда ұстайды. Ал отандық мамандар оларды тек құрастырып қана қоймай Қазақстан аумағында күрделі механикалық бөлшектерін шығармақ. Соның нәтижесінде біз тек дайын технлогияны қабылдаушы тарап ғана болып қалмай ғылым мен технолологияны дамытуға мүмкіндігіміз болады.