Қазақстанның астықты экспорттау арнасы кеңейіп келеді. Мәжілісте Премьер-Министрдің орынбасары екі млн тоннаға жуық отандық өнім Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға жөнелтілетінін айтты. Қытай, Ауғанстан және Иранға да осы шамада жекізіледі. Орталық Азия мемлекеттері де жергілікті бидайдың негізгі экспорттаушылары. Бүгінде жоғарыда аталған елдермен бізден астық тасымалдауға қатысты келіссөздер бекітілген. Әрбірі ай сайын шамамен 250 мың тонна өнімді импорттамақ. Айта кету керек, өткен қыркүйек және қазанда 2 млн тоннадан астам астық экспортталды. Жалпы Қазақстан биыл жиналған жаңа өнімнің 12 млн тоннасын сыртқа өткізуді жоспарлап отыр.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Қазір бізден Орталық Азия алады, 5-6 млн сонда кетеді, жалпы есептегенде
Орталық Азия мен Ауғанстанға. Өзбекстан 3 жарым млн тонна алады, Тәжікстан
болса 1 млн алады, Қырғызстан 500 мың алады. Осы үш мемлекет бізден 5 млн тонна
сатып алады.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Былтырғы жылы астықтың сапасы мен көлемі де аз болды ғой. Сондықтан,
бізде өзіндік құны жоғары болды. Ресейдің бидайы сәл арзан болған. Биылғы жылы
біз ресеймен бәсекелесе аламыз. Біз төмен бағамен сата аламыз. Сол себепті
ақырындап Иранға, Египетке кіріп жатырмыз. Қазір Парсы шығанағына кіру жоспарда
бар.
Жеңіс Ермұқанов