Қазақстанда жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады. Бұл жобаларға жалпы құны 173 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қамтитын 356 препарат өндірісі жолға қойылмақ. Жаңа кәсіпорындар Алматы қаласында Түркістан және Алматы облыстарындағы арнайы экономикалық аймақтарда орналасады. Бұл жобаларға стратегиялық серіктестер ретінде Қытай, Түркия және Румыния елдерінің кеңге танымал ірі фармацевтикалық компаниялары тартылған. Айта кетейік, бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Аслан Қинаятов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық
және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры:
- Дәрі-дәрмек өндірісі портфельінде иммунобиологиялық
препараттар, сондай-ақ онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған
дәрі-дәрмектер, вирусқа қарсы, антианемиялық, ауырсынуды басатын, қабынуға,
суық тиюге және микробтарға қарсы препараттарды қамтиды. Жалпы дәрі-дәрмектер
тізбегінде 72 әлеуметтік маңызы бар препарат бар. Жобаларды іске қосу
қазақстандық дәрілік заттар үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға
және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

