Қазақстанда Рамазан айында бірнеше қайырымдылық жоба өтеді

Қазақстанда Рамазан айында бірнеше қайырымдылық жоба өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты игі шараларға белсенді атсалысуға шақырды.

Еске салайық, биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді.