Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бойынша 733 жаңа дерек тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, індетті жұқтырғандар саны Алматы қаласында көбірек анықталған. Мұнда 88 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Екінші орында елорда: 75 адам індет ілмегіне іліккен. Антирейтингтің үшінші орнында 71 науқас тіркелген Шығыс Қазақстан облысы тұр. Барлығы республика бойынша 148 708 адамда коронавирус індеті расталған.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Шығыс Қазақстан облысында - 18425 (+71),
Нұр-Сұлтан қаласында -17794(+75),
Алматы қаласында - 17700(+88),
Атырау облысында - 12685(+62),
Қарағанды облысында - 11764(+34),
Батыс Қазақстан облысында - 8907(+40),
Павлодар облысында - 8455(+66),
Солтүстік Қазақстан облысында - 8092(+64),
Қостанай облысында - 7007(+67),
Ақмола облысында - 6746(+59),
Алматы облысында - 6605(+49),
Шымкент қаласында -5463(+6),
Жамбыл облысында - 4870(+12),
Ақтөбе облысында -3642(+8),
Маңғыстау облысында - 3609(+18),
Түркістан облысында - 3591(+6),
Қызылорда облысында -3353(+8).
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша 191 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 93 адам жазылып шыққан.
1 тамыздан бастап барлығы 44 795 науқас, 481 өлім жағдайы тіркелді. 32 440 адам сауығып шықты.