Қазақстанда Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің бюросы құрылады. Бюроның миссиясы – аймақтағы Болон реформаларын ілгерілетіледі деп жоспарланып отыр. Мұндай шешім Астанада Болон процесін бақылау тобы өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия университеттері ректорларының конференциясында қабылданды. Мақсат – студенттер мен мұғалімдердің білім алуы және білім алмасуы үшін еркін аймақ құру. Айта кетейік, биыл Қазақстан шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама шеңберінде Орталық Азия білім беру кеңістігіне кірген елдердің азаматтарына 186 грант бөлді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Қазіргі таңда университеттеріміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндігіміз бар. Бұған ғылыми-педагогикалық қызметті жалғастыруға мүдделі әріптестеріміз тартылады.