Қазақстанда денсаулық сақтау
саласын цифрландыру үрдісі қарқын алды. Осының
қамында елде бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуда.
Бірыңғай медициналық деректер қоры жасақталып жатыр. Барлық емдеу мекемелерінде
цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат» және Face ID жобалары іске
қосылды. Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілді. Жедел
жәрдем қызметкерлеріне арналған видео-жетон енгізу бойынша пилоттық жоба
басталды. Медициналық анықтамаларды электронды форматқа көшіру ісі қолға
алынды. Бүгінде саладағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі 87% асты. Осылайша, елімізде сапа мен
инновацияға негізделген заманауи, тұрақты медициналық жүйе қалыптасуда. Сәйкесінше
медициналық туризм дамып келеді. 50 тарта мемлекеттің азаматы біздің елде емделу үшін цифрлы виза
ала алады. Электронды визаны рәсімдеуге 30 минут уақыт кетеді. Жыл басынан бері
1,5 мың шетелдік бізге келіп емделген.

