Қазақстанда қорғаудың жаңа элементі бар жаңа үлгідегі паспорттар беріледі

Қазақстанда қорғаудың жаңа элементі бар жаңа үлгідегі паспорттар беріледі

Қазақстандықтар жаңа үлгідегі паспортты ала бастады. Ол қосымша заманауи қорғаныс элементтерімен жабдықталған. Жаңа құжатта қар барысы бейнеленген. Ол жоғары анық металдандыру HDM технологиясы бойынша құрылған. Нәтижесінде бейне паспорттың түпнұсқалығын тексеруді жеделдетіп қана қоймай, оны бұрмалауды айтарлықтай қиындатады. Жалған құжат жасау іс жүзінде мүмкін емес. Қолданыстағы паспорттарды, егер олар бүлiнбесе және жоғалмаса ауыстырусыз қалдыруға, мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдалануға болады. Бейінді министрлікте атап өткендей, Қазақстандағы жеке куәліктер – жоғары дәрежеде қорғалған куәліктердің бірі, онда қорғау элементтерінің 22 түрі пайдаланылады. Олар халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес әзірленген. Айта кетейік, отандық паспорт әлемдегі позициясын нығайтуда. Қазақстан азаматтары 79 мемлекетке визасыз бара алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?