Оған жергілікті халықтың төрт түлігін бағатын жерлер жатады. Бұндай мал жайылымдарын басқа мақсат үшін пайдалануға немесе оларды алуға заңмен тыйым салынады.
Елді-мекендіктерді жайылыммен қамтамасыз ету ауыл әкімдерінің құзіретінде болмақ. Әзірге бұл үрдіс аудандық атқарушы органның бақылауында. Жеке мал жаю үшін бөлінген аумақтың тең жартысы кәдеге жаратылмаған жағдайда артық бөлігі мемлекетке қайтарылады. Бұл мақсатты жерді тиімді пайдалану қамында қолға алынған. Мәжілісте жайылымдарға қатысты осы және өзге де басымдықтар көзделген заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жайылымдарды пайдалану туралы жоспар енді 5 жылға арналып жасалады. Қазіргі кезде Жайылым жоспарлары ұзақмерзімді 2 жылға дейін және қысқа мерзімді 1 жылға дейін жасалады. Жайылымдарды қорғау, оларды қалпына келтіру және оларды суландыру туралы жаңа баптар енгізіліп отыр. Қолданыстағы жер және жайылым туралы заңнамаларда мұндай норма жоқ.