Қазақстанда «қазақ картасы» енгізіледі. Бұл жөнінде еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Оларды сырт мемлекеттерде табысты дөңгелетіп жүрген бизнесін тарихи отанына ендіруге ниетті этникалық қазақтарға беру көзделіп отыр. Карта Қазақстан азаматтығы жоқ шетелдегі қазақтар үшін елімізде жеке кәсібін ашумен қатар, республика аумағына шектеусіз келуге жол ашады. Олар 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігі бар визаларды жеңілдетілген тәртіппен алады. «Қазақ картасы» 100 этникалық қазаққа табысталмақ.