Қазақстандықтар арасында ел ішінде демалатын саяхатшылар саны артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы 9 миллионнан астам адам еліміздің тұмса табиғаты аясында, демалыс орындары мен курорттарда демалған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,6%-ке және 2019 жылғы коронавирустан туындаған дағдарысқа қарағанда 5%-ке артық. Туристер, әсіресе, демалу, емделу, туған-туыстарын аралау сияқты сапар түрлерін таңдаған. Ал шетелге шыққан туристер саны 880 мыңға жуық.