Осы мақсатта мультивендорлы қызмет көрсету орталығын салу көзделіп отыр. Жоба Батыс Қазақстан облысының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары аясында Үкіметтің мақұлдауына ие болды.
Айта кету керек, сервистік орталық Батыс Қазақстан машина жасау зауытының базасында орналасады деп жоспарланып отыр.