Қазақстанда ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

Қазақстанда ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

Осы мақсатта респуликада президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Кеңес құрамына халықаралық деңгейде танылған, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары, ғылымның басым бағыттарында еңбек ететін академиктер мен ғалымдар, Беркли космологиялық физика орталығының физика және астрофизика профессоры, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірқатар отандасымыз енді. Ұлттық кеңеске отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың мүше болуы – Қазақстан ғылымын дамытуда перспективті және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға оң септігін тигізбек.