«Оскар» премиясын табыстау рәсімі сәуір айында офлайн өтеді.
Оған Zoom платформасы арқылы қатысуға тыйым салынады, деп жазды Hollywood Reporter.
«Әрине, ең бірінші ойға келетіні – бұлай жасау қауіпсіз бола ала ма? Жауабы: иә, қауіпсіз етуге болады», – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар іс-шарада коронавирусты анықтайтын ПТР-тесттердің сол уақытта нәтижелерін беретін жүйе жұмыс істейтінін хабарлады.
«Оскар» иегерлері 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby театрында белгілі болады.
Ақпарат көзі: 24.kz