Қазақстанда ірі
фармацевтикалық зауыт египеттік холдингті тартуға ниетті. Қазір инвесторлар
жергілікті әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаны іске асыру алаңы ретінде еліміздің
бірқатар өңірлері қарастырылуда. «KAZAKH INVEST» мәліметі бойынша, египеттік
компания қолайлы инвестициялық ахуал, георафиялық орналасуы және еуразиялық
өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділігін саралаудың нәтижесінде кәсіпорынды ашуға
тиімді ел ретінде Қазақстанға таңдау
түскен. Сонымен бірге, шетелдік холдинг басшылығы технологияларды
трансферттеуге және жергілікті мамандарды шетелдік тағылымдамалар арқылы
оқытуға дайын екендерін атап өтті.