2023 жылы оны жүзеге асыру үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елдің бас қаржы реттеушісі осындай қаулы қабылдады. Жекелеген талаптары қайта қаралды. Бұдан былай, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, мерзімі сыйақы мөлшерлемесі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын баспананың ең жоғары құнына қатысты ережелер өзгеріссіз қалады. Ал, жыл сайынғы несиелеу көлемі нарықтық ипотекалық өнімдердің болуы, сондай-ақ дамуына байланысты болмақ. Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын іске қосылған бағдарлама аясында бүгінге дейін 852,2 млрд теңге көлемінде 64 мың жеңілдетілген несие берілді.