Қазақстанда 2 млн-нан астам адам онлайн режимде санақтан өтті

Қазақстанда 2 млн-нан астам адам онлайн режимде санақтан өтті

2 млн-нан астам қазақстандық халық санағын онлайн форматта өтті, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Санақты онлайн өткендердің басым көпшілігі Алматы және Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан. Ең аз тіркелгендер Маңғыстау және Атырау өңірлері.

Айта кетейік, халық санағынан өз бетінше өтпейтіндерге сауалнамашылар өздері барады. Олар 1 қазаннан 30-шы қазанға дейін үй-үйді аралайды. Санақшылардың қауіпсіздігі үшін тәртіп сақшылары жауап береді. Еске сала кету керек, барлық туындаған сұрақтар бойынша call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша хабарласуға болады.


Авторы: Ақзер Сегізбай