«Астана Опера» Х-мерейтойлық театр маусымын ашуға дайындалуда

«Астана Опера» ІХ-театр маусымын үлкен гала-концертпен жапты. Биыл шығармашылық ұжым үшін аса табысты жылдардың бірі болды. Отандық сахна саңлақтары әлемді шарлап, шетел көрермені қазыналы елдің асқақ өнеріне қанықты. Жыл басында аустралиялық қауым қазақстандық қойылымға жоғары баға берді. Театрдың күміс көмей әншілері  беделді ballet International Gala фестиваліне қатысты. 30 жылдық үзілістен кейін Еркеғали Рахмадиевтің әйгілі «Алпамыс» ұлттық операсы сахнаға қайта оралды. Соңғы  үш жыл бойы елде өнер көрсетпеген  әлемдік деңгейдегі опера әншісі Мария Мудряк отандастарына үлкен концерт берді. Кезекті театр  маусымның шымылдығын түрген әуезді кеш француз операсының 19-шы ғасырдағы классикалық опера туындыларын қамтыды.

Алан Бөрібаев, «Астана Опера» театрының бас  дирижері:

– Бұл біздің алдағы жоспарымыз десек болады. Өйткені, алдағы жұмысты осы бір көркемдік тұрғыда бағдарлауды көздеп отырмыз. Бұл біздің француз операсына арналған алғашқы концертіміз. Сондықтан бағдарлама бірін бірі жалғай түсетін мәнерде құрылды. Әрбірінін өзіндік екрекшелігі болғанымен ортақ мүддеге біріктіре білдік.    

10-театр маусымында да талғампаз көрерменнің қалауынан шығатын бірқатар тосын сый күтеді. Мерейтойлық маусым Грэмми жүлдесінің  лауреаты, ЮНЕСКО бейбітшіліктің жаршысы деп таныған кореялық Суми Чо сынды бірқатар әлемдік деңгейдегі сахна майталмандарының қатысуымен өтетін концертпен ашылмақ. Халықаралық «Жібек жолы» фестивалі, «Қалқаман-Мамыр және Қаңбақ шал қойылымдары көпшілікке ұсынылады. 

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов