Қазақстан 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 15% жеткізеді. Қазіргі таңда 2000 МВт-қа жуық жаңартылатын қуат көздері пайдалануға берілді. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде республикада «жасыл» қуат көзін өндіруші 123 нысаны бар. Алдағы 4 жылда олардың саны 180-нен асады. «Жасыл» энергетика жобаларын жүзеге асыруға шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылмақ. Мақсатқа қол жеткізу үшін, салалық министрлік жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жыл сайын өткізуді, нарық қатысушыларына қойылатын техникалық талаптар енгізуді, ірі жобалармен жұмыс істеуді көздеп отыр.