Осылайша 2Gis-те дүкен, дәріхана, тамақтану орындары, мәдени мекемелер, көрікті жерлер және тағы басқа орындардың орналасқан жері туралы ақпаратты қазақ тілінде алуға болады. Еліміздің 41 қаласы мен 1245 елді мекенінде анықтамалық деректер мен карталар аударылды. Бұған дейін Қазақстандағы 2Gis-тің интерфейсі – мәзірі, бөлімдері мен батырмалары мемлекеттік тілге тәржімаланды. Қазір қалған бөлімдерін аудару жұмыстары жүргізілуде. Іздеу жүйесін жақсартумен қатар, компанияның жеке кабинетінің аудармасы, қызмет туралы техникалық сұрақтарға жауап бөлімдерінің сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қосымшаның қазақ тіліндегі тест нұсқасы сайтта да, смартфондарда да қолжетімді.