Қазақстан Президенті бас прокурорды қабылдады

Қазақстан Президенті бас прокурорды қабылдады

Қазақстанда екі жыл ішінде 850 млрд теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат елімізде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Мемлекет басшысына қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың әлеуеті жөнінде мәлімет берілді. Президент барлық салада заңдылықты қамтамасыз етуді тапсырды.  Сондай-ақ, алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?