Қазақстандық бітімгершілер Ливанға аттанды

Қазақстандық бітімгерлердің оныншы контингенті Ливанға аттанды. Олар миссия алдында мұқият іріктелді. Үміткерлер кәсіби, медициналық комиссиядан, моральдық-психологиялық тұрақтылықтарын тексеруге арналған сынақтардан өтті. Сондай-ақ, бітімгерлердің шет тілін білуі ескерілді. Әскери қызметкерлер бұрынғы құрамды ауыстырады. Алты ай бойы олар БҰҰ миссиясының құрамында қызмет етеді.

Еламан Нүсіпқожаев, бітімгерлер контингентінің сержанты:
- Әртүрлі дайындықтан өттік. Сол себепті де менің және менің бөлімшем басқа мемлекетте бітімгершілік миссияны орындау барысында өте жоғарғы деңгейде өздерін көрсете біледім деп білем.

Жасұлан Есмамбетов, бітімгерлер контингентінің командирі:
- Бітімгершілік жаттығулары біз келген елде жүргізілетін іс-шаралардың ерекшеліктерімен БҰҰ мандатына сәйкес біздің іс-әрекеттерімізді қамтиды. Ұйым миссиясы аясында қазақстандық контингент үндістандық батальонмен бірге базаны күзетіп, жаяу, әуе патрульдерін жүргізіп, Ливан тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізуге көмектеседі.

Айта кетейік, қазақстандық әскери қызметшілер дүниежүзіндегі бітімгершілік миссияларына қатысады. Олардың Ливандағы ротациясы осындай маңызды процестерге қатысудың үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе Қазақстанға әлемдегі қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуды жалғастыруға мүмкіндік береді.