Қазақстан халықаралық әуе тасымалының 40% қалпына келтірді. Егер пандемияға дейін отандық авиакомпаниялар аптасына 500-ге жуық рейс жүргізсе, қазір олардың саны 230-ға жетті. Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы әуе рейстерінің қайта қалпына келуінің негізгі себептерінің бірі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақстандықтар 20 елге ұша алады. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстердің басым бөлігі Түркияға, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Грузияға бағдарланған. Сонымен қатар бұл ретте Ресейге ұшатын рейстер саны аптасына 11-ден 33-ке дейін артуы мүмкін.
Салтанат Томпиева, ҚР ІІМ Авиация комитеті төрағасының орынбасары:
- Бұрын бізде Мәскеу мен Қазақстан арасында аптасына 180-ге жуық рейс орындалатын. Нұр-Сұлтаннан күніне 4 рейс болса, қазір Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасында аптасына 4 ұшақ ұшады.
Сонымен қатар Венгриямен әуе қатынасы қайта жанданса, келесі аптадан бастап «Нұр-Сұлтан-Лондон» бағытында ұшақтар ұша бастайды. Катар мен Мальдив аралдарына рейстер келесі айда ғана орындалады.
Ішкі әуе тасымалы да толық қалпына келгенін атап көрсету керек. 2019 жылмен салыстырғанда рейстер саны өсті. Егер екі жыл бұрын жергілікті тасымалдаушы компаниялар аптасына 45 рейс жасаса, қазір қазақстандықтар үшін 57 бағытқа әуе тасымалы ашылған. Рейстер саны 500-ден 700-ге дейін өсті. Жолаушылар тасымалы 30% артты.