Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
- Ағымдағы жылы
интернет трафигін тұтыну айтарлықтай артқанын атап өту қажет. Оның өткен жылмен
салыстырғанда екі есе көп болатыны күтілуде. Саланы дамыту 2024–2027 жылдарға
арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. 2027
жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы
100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің
90%-ына дейін тартылады.

