Американың барлық штатында коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады. Эпидахуалдың оңалуына байланысты елде шектеу шаралары жеңілдетіле бастады. Осылайша, 14 штатта ковидке қарсы күрестің басты шараларының бірі – маска тағу режимі алынып тасталды. Яғни енді вакцина қабылдаған азамат қоғамдық орындарға бара алады. Дегенмен америкалықтардың көпшілігі маска тағу ережелерін әлі де сақтау керек деп санайды. Өйткені инфекциядан қайтыс болғандар мен ауруханаға жатқызу деңгейі бұл шарадан бас тарту үшін әлі тым жоғары.
Нью-Йорк тұрғыны:
- Әр адамның не істесе де, өз еркі бар. Бірақ мен маска тағуды жалғастыра бермекпін. Себебі билік басындағылардың масканы тақпай-ақ қоюларыңа болады дегенімен, ковид ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Індет әлі де арамызда жүр. Сол себепті осындай хабарланыдыруға бола адамдардың масканы шешіп тастап, емін-еркін жүруі дұрыс деп есептемеймін. Әсіресе метро мен өзге де қоғамдық жерлерде маска тағу маңызды.