Кезінде музыканттар Бразилияның дәстүрлі ырғағына джаздың лирикалық үнін қосты. Бұл синтез бүкіл әлемнің тыңдармандарын баурап алды. Жаңа музыкалық жанр «босса-нова» деп аталды.
Одан кейін америкалық, бразиялық әуендер қазақ тіліндегі әуезді әндермен үйлесті. Мұндай тәжірибені «Полина ханым» лақап атымен танымал әнші жасаған еді. Музыканы шексіз сүйетін бұл ару Қазақстанның орындаушылық өнеріне жаңа леп әкелді. Сөйтіп осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ босса-нова «Макси» синглін жарыққа шығарды.