Шығыс Қазақстан облысында, Сарымсақты тауының етегінде Қатонқарағай деп аталатын әдемі жер бар. Марқакөл қорығы мен аумағы жарты миллион гектардан асатын, еліміздегі ең үлкен ұлттық табиғи парк осында орналасқан. Бұл – өзгелерге ұқсамайтын, ерекше жер. Табиғат бұл жерде ғажап дүниелер жаратқан.
Бұл жерде тау шыңдары мөп-мөлдір, таза көлдермен, орман алқаптары тау ішіндегі көгалдармен, ал арынды тау өзендері биік жартастармен жарасып жатыр. Оған қоса, өңірдің тарихы өте бай, ежелден қалған аңыз-әңгімелері де көп.
Бүгінгі бағдарламамызда:
- Қатонқарағай – жер жәннаты
- Кермарал туралы аңыз.
- Қатонқарағай балының емдік қасиеттері