Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үңгіртас ауылын тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де жақсы біледі. Халық арасында бұл ауылды – жердің кіндігі деп те атайды. Ол Алматы қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Осыдан 20 жылдай бұрын осы маңнан диаметрі 8 метр болатын ағыны күшті энергиясы көзі бар екені анықталды. Халық жер астынан шығып, көкке көтеріліп жатқан энергия ағыны адамның энергетикалық био өрісіне жағымды әсер ететініне сенімді. Ауыл маңында «Үңгіртас» деп аталатын қасиетті орын бар. Денсаулығы нашар, түрлі сырқат түрлеріне шалдыққан адамның көбісі осы жерге келеді.
Үңгіртас туралы қандай аңыз бар? Биоэнергетикаға әсері бар ма? Үңгіртаста қандай құпиялар жасырылған? Бұл туралы бағдарламамызда толық айтылатын болады.