Қостанай облысы 1936 жылы құрылған. Бұл өңірдің аумағы Венгрия секілді мемлекеттен 2 есе үлкен. Жер көлемі 196 мың шаршы шақырым. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Оның басым бөлігі тұщы судан тұрады. Бұл – жалпы Қазақстандағы көлдің үштен біріне тең.
Аймақтың табиғи ландшафты да әр алуан: дала, шөл, шөлейт, орманды дала. Қостанай облысында 1,5 мыңнан астам археологиялық ескерткіш сақталған. Тарихшылардың айтуынша, оның ең ежелгісіне шамамен 7 мың жыл болған. Бүгінде облыстың әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы.
Қостанай қаласының тарихы, құрылуы мен тұрғындары туралы толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.