Ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі осы және өзге де жоспарлар Үкіметте өткен кеңесте талқыланды. Қашаған кен орнында ашылатын жаңа нысанның қуаты 1 млрд кубометр газ өндіруге қауқарлы. Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд кубометр болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд кубометрден екі желі бойынша іске асыру жоспарлануда. Жақын арада Үкіметте жаңа газ зауыты бойынша Жол картасын қабылдау жоспарланып отыр.