Еуропа балет мәнерін Қазақстанға алып келу – басты мақсатым. Бүгінде Дания Корольдік театрындағы балет әртісі – Мейрамбек Назарғожаев осылай қазақ би өнерін асқақтатсам дейді. Алматыда хореографиялық училищені бітірген қазақстандық, кейіннен Мәскеуде қызмет етіп, одан соң Еуропа сахналарында өнер көрсетті. Қазірде, отандық сахна саңлағы Данияда білімі мен біліктілігін шыңдап жүр. Ондағы мақсаты – бар білгенін отанға келіп жастарға үйрету. Қазақ балеті кеңге танымал. Десе де, Еуропа мектебінің де үйренуге тұрарлық тұстары көп екенінін айтады. Одан бөлек, отанға оралғанда балетмейстер болып қызмет атқарсам деген арманын да жасырмады.
Мейрамбек Назарғожаев, Дания Корольдік театрының балет әртісі:
- Өзімнің болашағымды Қазақстанмен байланыстырамын, шыны керек. Себебі, осы жақта тәжірибе жинап, жинаған терген тәжірибемді Қазақстанға, жас түлектерге алып келсем ғой, бөліссем ғой. Себебі, осында жүрген кезде біз, жұмыс істеген кезде көптеген бірінші деңгейлік Дүниежүзінде аты танымал хореографтармен жұмыс істеймін. Сол сияқты өзімнің бағанағы үлкен туындымды үлкен сахнаға, Қазақстан сахнасына алып келсем деген мақсатым бар.