Қарағанды облысының көлемі Германия сынды мемлекеттен асып түседі. Бұл өңір Сарыарқаның кең байтақ даласында жатыр. Бұдан талай ғасыр бұрын Ұлы Жібек жолының Солтүстіктегі тармағы болды. Бұл жер – Қазақстанның өзге елдермен қарым-қатынасында экономикалық және мәдени орталықтың рөлін атқарды.
Бағдарлама жүргізушісі Антон Федоров республикамыздың ең ірі аймағы Қарағанды облысына аттанып, тарихы және бүгінгі тұрмысына көз жүгіртеді.