Бағдарлама барысында Қарағандының экологиялық мұражайынан халықаралық зоологиялық экспедиция жолға шығады. Kazakhstan Argaly Conservation Initiative жобасының аясында, Халықаралық Табиғатты қорғау одағының сарапшылары мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын аралап қайтпақшы. Мақсаттары – таңдап алынған модельдік аумақтардағы жабайы аң-құс популяциясына мониторинг жасау. Соның ішінде, тау қойлары – арқарларға баса назар аударылады. «Outdoor Kazakhstan» телеэкспедициясы алдағы 3 апта бойы осы зерттеушілерге еріп жүріп, олардың не істеп, не қоятындарына куә болады.