Бір кездері «Возрождение» аралында киік пен қабан жайылып, шығанақтарында балықтар уылдырық шашатын, ал теңізде дауыл тұрса, балықшылар кемесімен келіп, мүйістерін паналайтын. Бұл аралда елу жыл бойы әскери биохимиялық полигон жұмыс істеді, қарапайым халықтың ол жерге кіруіне тыйым салынды. «Сынақ» түсірілім тобы Аралды сақтау қоры ұйымдастырған ғылыми-зерттеу экспедициясының құрамына кіріп, осы жұмбақ аралға барып қайтты.
Экспедициямыздың ат басын тірейтін ақырғы нүктесі – бұрынғы Арал теңізінің ортасында орналасқан Возрождение аралы. Сонымен қатар тарих қойнауына тереңірек үңіліп, Сырдария өзенімен де таныссақ
Тынысбек Барақбаев, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Арал бөлімшесінің директоры. « Мына құрылғы - балықты қорғайтын гидроакустикалық құрылғы деп аталады. Оны Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты патенттеп алған. Понтондарда арнайы акустикалық аппараттар – дыбыс зорайтқыштар ілулі тұр».
«Возрождение аралы» деген оптимистік атқа ие болғанымен, өзі қасіретті болашақ туралы апокалипстік фильм түсіруге ыңғайлы жер екен. Ол фильмде өз табиғатымызға осылай, салдыр-салақ қарасақ, келешекте адамзатты не күтіп тұрғанын көрсетуге болады.