Қаңтар оқиғасы кезінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілді

Қаңтар оқиғасы кезінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс пленарлық отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр биылғы қаңтар айында Қазақстанда болған оқиғалардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады.

«Қазіргі таңда Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру және тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қаңтардағы оқиғалар кезінде еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілді. Бұл – Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары», – деді Роман Скляр.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге 28 млрд теңге бағытталды.

Ақпарат көзі: Хабар 24