Израиль «жылдам әрі жаппай вакцинациялаудың жаһандық моделіне» айналды. Бұл елдегі 9 млн тұрғынның шамамен жартысы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі бірдей дозасын алып үлгерді. Мұндай табысты науқан құпиясы неде? Израиль неге балаларды да вакциналауға дайын? Қысқа уақытта мұндай көрсеткіштерге қалай қол жеткізілді? Мемлекет пандемияға дейінгі өмірге қашан оралады? Израиль Қазақстандағы иммундау науқаны мен отандық «QazVac» вакцинасын қалай бағалап отыр? Қазақстанға Израиль тарапынан қандай көмек көрсетілді? Жалпы екі елді не біріктіреді? Пандемия кезінде Қазақстан мен Израиль әріптестіктің қандай бағыттарын дамытатынын «Ләззат Шатаевамен маңызды сұхбат» бағдарламасының жаңа шығарылымынан біле аласыз.