Дүниежүзілік банктің аға
экономисі Наташа Шарма – «Talk & Cook» шоуында қонақта! Бұл шығарылымда біз калифорниялықтар
ойлап тапқан вегетариандық тағам - Будда Боул туралы айтамыз. Сонымен қатар, әңгіме барысында Наташа Шарма Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жұмысының басымдықтары, мемлекеттер арасында экономикалық байланыстарды құрып, оның табысты
болуында әйелдердің рөлі туралы әңгімелейді. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің
неліктен ең алдымен «Білім банкі» деп бағаланатынын түсіндіреді.