Қазақстандағы Швеция
елшісі Ева Пулано – «Talk & Cook» бағдарламасының кезекті қонағы. Ол өз
елінің аспаздық дәстүрлерін таныстырады, ал Швеция елшілігінің тағылымгері
Агнес Содерблад көмектесіп тұрады. Бағдарлама барысында қонақтар швед
асханасының ерекше тағамдарының бірі – қызыл уылдырық қосылған тұздықпен
дайындалған картоп пен пеште пісірілген ақсеркені ұсынады. Сонымен қатар, олар
Қазақстан мен Швеция арасындағы медицина саласындағы ынтымақтастықтың соңғы
жетістіктерін айтатын болады.

