«Culture vibe» бағдарламасының бүгінгі
кейіпкері көпшілікті ойландырары анық. Ол бір кездері алып компанияның кадр
бөлімін басқарса, бүгінде бала арманын орындаған шығармашыл адам. Қарлығаш
Исмагулова бала тәрбиесімен айналысқан уақытында ерекше шығармашылықпен
айналысуды қолға алады.
Ол өз өнерімен көпті таңғалдырған, бағыты
ерекше иллюстратор. Бүгінде арт-кездесулер өткізеді. Жанына жақын өнердің иесі
атанған ол бүгін шығармашылығындағы қызықтармен бөліседі.

