Astana Opera театры сахнасында жаңа премьера. 3
ғасырлық тарихы бар Антонио Вивальдидің «Қаһарлы ОРЛАНДО» шығармасы көрермен
назарына жол тартты.
Антонио Вивальди – композитор, скрипкашы-инструменталист, педагог – ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ең көрнекті музыканттардың бірі. Оның 94 операсының ішінде «Қаһарлы Орландо» (түпнұсқа атауы «Қаһарлы Роланд») барокко мен классицизмнің, патетика мен қаһармандықтың, комедия мен сиқырдың алуан түрлі үйлесімімен ерекшеленеді.
Туынды желісі бойынша басты кейіпкерлер Альцина мен Орландо, Анжелика мен Роланд арасындағы махаббат, достық, сатқындық, сүйіспеншілік сияқты сезім сипатталады.
Бүгінде барша әлемге танымал болған,
көрермендерді қайғыртып та қуанта білген опералық спектакльден сіз де тамаша
әсер алыңыз!

